ACЖ төрағасының алғы сөзi




2018 жылдың Азиялық сапа Конгресінің ұйымдастыру комитеті төрағасының алғысөзі!
Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Кезекті 16-шы Азиялық Конгресын Қазақстанның Алматы қаласында 2018 жылдың 19-20 қыркүйек аралығында ұйымдастыру және өткізу біз үшін үлкен мәртебе.
Сапа менеджменті саласындағы, бенчмаркинг, инновация, тәуекел-менеджменті, кәсіби және ақпараттық қауіпсіздік және де тағы басқа менеджменттің бағыттарындағы білімділігі мен заманауи тәжірибемен алмасу мақсатында келген барлық делегаттар мен қонақтарды Қазақстанның қаржы, ғылым және мәдени орталығы – Алматы қаласында қуана қарсы аламыз.
Конгресс жақсы көңілде, кәсіби тұрғыда және ашық ортада өту үшін біз барлық күшімізді саламыз. Осы конгресс Қазақстандық басшылар мен мамандарға ғана емес, сонымен қатар шетелден келген қатысушылар үшін де маңызды болады деген үміттеміз.
Іс-шара бағдарламасы мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржы орталығының, өнеркәсіптің өкілдеріне ғана емес, сонымен қатар, білім, ғылым, денсаулықсақтау және әлеуметтік салалар үшін де шығармашылық жағдай туғызу көзделген.
Сапа саласындағы дүниежүзі бойынша танымал ғалымдардың, кәсіби мамандардың баяндамаларының негізгі тақырыптары – өндірісті басқару барысы, өндірісті басқарудың заманауи үлгісін қолданудың тәжірибелік көрінісі, жаңалық (инновация) енгізу және әлемнің үздік тәжірибелерімен танысу жөнінде өзекті сұрақтар талқыланады.
Конгресстың басты мақсаты – сапаның корпоративті мәдениетінің маңызды көріністеріндегі жаңа идеялармен алмасу үшін, компаниядағы көпдеңгейлі көшбасшылық жүйесіне, жеке және командалық жұмыстың өнімділігін көтеруге қолайлы жағдай туғызу. Баяндамалардың және пікірталастардың басты назары – өнім мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, сонымен қатар ұйымның және жалпы экономиканың тұрақты түрде дамуында болады.
Біз әлемнің 20 елінен 300-ден астам ұлттық сапа ұйымдарын, кәсіби ассоциация және одақтарын, сонымен қатар мемлекеттік басқару, бизнес, зерттеуші ұйымдарын, студенттерді және тағы басқа өкілдердің қатысуын күтеміз.
Конференция білім алуға ғана емес, қоршаған ортаны қорғау, бизнестың әлеуметтік жауапкершілігі, қызмет сапасын көтеру, жаңа технология,стандартизация мен сертификация салаларында тәжірибе алмасуға керемет мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін достық және серіктестік байланыс орнатуға, Азияда ғана емес, әлемнің басқа да жерлеріндегі қызметтестермен жаңа ынтымақтастық орнатуға қолайлы жағдай жасалады.
Конгрессты Ұйымдастыру Комитетінің атынан барлық сапа мамандарына және келем деушілерге біздің қаламызға келіп, Конгрессте белсенді түрде қатысыңыз деген жолдау айтқым келеді.
Ізгі тілекпен,
Профессор Азат Абдрахманов
ANQ басқарма төрағасы, Халықаралық сапа академиясының Академигі